$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты: Адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр (ВИДЕО)

120-дан астам адамды эвакуациялады.

Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өртеніп жатыр. 120-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы шақырту бойынша 11 желтоқсанда сағат 23:58-де Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйдегі өртті сөндіруге аттанғанын мәлім етті. Олар келген сәтте, яғни сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқан.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адамды эвакуациялады, 20 адамды құтқарды, гидранттарға цистерналар орнатты. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайтуға оны тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалын шарпыған алаңға 70-тен астам қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған. Эвакуация жүріп жатыр. Сол маңдағы жеке көліктердің көптігі өрт сөндіру техникасына кедергі болғанына қарамастан, өрт сөндіру сатылары іске қосылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары