11.12.2021, 07:23

Қазақстан мен Сбер-дің келісімшартына жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін

Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин хабарлады.

Қазақстан мен ресейлік «Сбер» банкі ағымдағы жылдың соңына дейін цифрландыру туралы келісімшартқа қол қоюы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин хабарлады.

2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан үкіметі ресейлік Сбербанк тобымен меморандумға қол қойды. Меморандум республиканың цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне көшу және Data Driven Government тұжырымдамасы бойынша жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты қамтиды.

– Мен «Қазақстанның цифрлық егемендігі ресейлік Сбербанкпен ынтымақтасу нәтижесінде Ресей Федерациясына өтіп кете ме» деген алаңдаушылық білдірген қазақстандықтарға айтқым келеді. Жоқ, ондай болмайды, – деді Бородавкин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Ол Қазақстан бастапқы кодты алатынын, серверлер Қазақстанда орналасатынын, тиісті жұмыстарға қазақстандық IT-компаниялар тартылатынын айтты. Мұның барлығы республиканың цифрлық егемендігін қамтамасыз етеді.

– Сонымен бірге, жыл соңына дейін Қазақстан мен Сбербанк арасында тиісті келісімшартқа қол қойылады деп үміттенемін, – деп түйіндеді елші.

Orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.