$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің 7 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 7 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда 12 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағандыда күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертен тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы