$ 447.4  477.55  4.76

Атырауда өзіне қол жұмсауға екінші рет әрекет еткен бойжеткен 16-қабаттан секіріп кетті

19 жасар қыз бір ай бұрын да биіктен секірмек болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда 19 жастағы бойжеткен Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

Ол Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті. Университеттің хабарлауынша, ол қыз жақсы оқыған, белсенді болған, қоғамдық шараларға қатысқан.

Сонымен қатар, бойжеткеннің бір ай бұрын да өзін-өзі өлтіруге тырысқаны белгілі болды. Ол кезде де 19 жасар қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секірмек болған. Бірақ оны байқап қалған күзет қызметкері дер кезінде қызды тоқтатып үлгерген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары