$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Температура төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазгидромет 14-16 желтоқсанға арналған арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Төмен температура күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын, Солтүстік-Батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол қысқа мерзімді температураның төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді. 

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронтальды қызмет аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары мен тұман күтіледі.

Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды, осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады. Мереке күндері Батысқа Скандинавия аймақтарынан циклон шұңқыры әсер ете бастайды — жауын-шашын, мұз күтіледі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары