$ 448.89  477.93  4.76

Мұхамеджан Тазабек пен Қайрат Сарыбай «Парасат» орденімен марапатталды

Орденді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.

Ақордада қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азамат «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орденді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.

«Елге танымал қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазарбеков «Парасат» орденімен марпатталды. ҚР Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әлімхан Есенғалиев және белгілі дипломат Қайрат Сарыбай да «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Батыс Қазақстан облысы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыгүл Жұбатоваға да «Парасат» ордені берілді», - деді Мемлекет басшысы марапаттау рәсімінде.

Сонымен бірге осындай наградаға Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Әйтиева, Ақтөбе облысы «Күншуақ» балаларды сауықтыру лагерінің директоры Кенжеғазы Байғазин және Жамбыл облысы «Ка-строй ЛТД» ЖШС бас директоры Сәкен Есенгелдин лайықталды.

Одан бөлек, «Парасат» ордені иегерлерінің тізімінде «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Болат Әбділманов, «Ершовское-2» ЖШС директоры С.Ағайдаров, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры О.Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, жазушы З.Наурызбаева, «Альтаир» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары