$ 494.87  520.65  4.91

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: қатты жауын-шашын күтіледі

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болатынын хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады: ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар, Қостанай облыстарының шығысында тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстаудың батысында, күндіз Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, қар жауады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары