«Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады: ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар, Қостанай облыстарының шығысында тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстаудың батысында, күндіз Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, қар жауады.
Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде оңтүстікте көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.