14.12.2021, 13:00

Атырау облысының әкімі отставкаға кетпек

Фото: ашық дереккөз
Ол орынбасары Бақытгүл Хаменованың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.

Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген.Әкімдік өкілі

Еске салсақ, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.