14.12.2021, 14:40

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді

Фото: ашық дереккөз
Бұл жолы «Отбасы банкі» бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға тек 20 жұмыс күні берілетінін мәлімдеді.

Зейнетақыны жинақтарын пайдалануда тағы да өзгерістер пайда болды. Бұл жолы «Отбасы банкі» бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға тек 20 жұмыс күні берілетінін мәлімдеді.

«Біржолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күні ішінде пайдалануға болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі» делінген хабарламада.

Зейнетақыны пайдалану ережелері:

3 жылдың ішінде Отбасы банк депозитінің көмегімен, оған аударылған БЗТ-ны қолдана отырып баспана алу үшін тұрғын үй, аралық немесе алдын ала заем рәсімдеу қажет. Егер банк клиенті бұл аралықта зейнетақының артық қаражатын пайдаланып үлгермесе, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Депозитті жауып, зейнетақы төлемдерін алу мүмкін болмайды. Шот жабылған жағдайда, қаражат БЖЗҚ-ға қайта аударылады.

Мұндай депозит туыстарға табысталған жағдайда да, банк шотындағы БЗТ қаражаты зейнетақы қорына қайтарылады.

Депозитті бөлген жағдайда, азаматтарымыз жеке жинақтаған қаражаттарын ғана алуға құқылы.

БЗТ белгісі бар депозиттер бір салымшыға тиесілі болған жағдайда біріктіруге рұқсат етіледі.

Интернет-банкингте БЗТ белгісі бар депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды сондай-ақ үшінші тараптың кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

Отбасы банкіндегі БЗТ белгісі бар депозиттердегі қаражатты салымшының басқа қарыздық міндеттемелері бойынша өндіріп алу мүмкін болмайды.

Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

– тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінен заем алу (оның ішінде бір банктік несие шарты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу);

– Отбасы банкінде заемды қайта қаржыландыру;

– жеке тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық сияқты нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері БЗТ көмегімен бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.