Желіде тараған видео қызу талқыға түсті. Көпшілік қолдау көрсетіп, лүпіл басып жатыр.
Бес ұлы әкесінің мерейтойында бірге шықты. Асқар тау әкесінің аяғын жерге тигізбей ортаға алып шықты. Бұл – әкеге деген құрметінің белгісі. Той қонақтары ризашылығын білдіріп, алғысын айтып жатыр.
Желідегі оқырмандар да өз пікірін жазысты.
“Құдай қаласа, бізге де жұғысты болсын. Бес балапанымның тойында осылай жүрейік жүзіміз жарық болып”, “Көзіме жас келіп кетті ұлдары қандай саналы еді”, “Бар кезде ата-анамыздың қадірін білуіміз керек, аман болсын”, “Ерсі көрінеді екен дардай ер азаматқа, қолтығынан демеп, тірегі екенін көрсетіп, құрметтесе жетіп жатыр ғой”, “Асқар тау әкелеріміз, аналарымыз аман болсын”, “Айналайын осындай ұлдардан!”, “Алла баршамыз қуаныш пен жақсылық бақытты ұзақ ғұмыр жұғысты болсын, Әумин”, деп жазды желідегілер.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.