$ 449.58  486.94  4.86

Азаматтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады – Цой

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасы келгенде, азаматтар ревакцинация үшін бір дозаны, вакцинация үшін екі дозаны сатып ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз", - деді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

"Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды - ескерт.) өз қалауы бойынша", - деді Алексей Цой.

Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары