$ 443.85  474.3  4.8

Қазы-қартадан тау салып, бауырсақтан ағаш жасаған

Қазақстан елшілігінің фуршеті Қазнетті ашуландырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.

"Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Алайда бұл видео Қазнетті ашуландырды.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұл басқа қабылдаулар сияқты қарапайым бас қосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін ерекше тағамдардың авторы қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди екені белгілі болды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары