Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жаңа омикрон штамы ресми түрде анықталмаса да әлемнің көп еліне таралғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ДДСҰ басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін 77 елде омикрон штамы тіркелген.
"Шындық мынада, омикрон көп елде болуы мүмкін, тіпті ол әлі анықталмаған болса да. Штамм басқа нұсқаларда байқалмаған жылдамдықпен таралады", - деді Гебрейесус.
Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон штамы Алматыда қашан пайда болады деген сұраққа жауап берген болатын. Бекшиннің айтуынша, омикрон штамының "келетіні анық, бірақ қай уақытта екені белгісіз".
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.