$ 494.87  520.65  4.91

Сенат депутаттары жануарларды қорғау туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Бұған дейін қазақстандық жануарларды қорғаушылар өздері бастамашылық еткен жануарларды қорғау туралы жаңа заңды қабылдау кезінде олардың пікірі ескерілмегенін айтқан болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР сенат депутаттары "жануарларды қорғау туралы" заң жобасын қайта қарау үшін Парламенттің төменгі палатасына қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жануарларды қорғау туралы" заң жобасын сенаторлар Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында талқыға салғаны айтылған.

"Құжаттың мақсаты - жануарларды қатыгездіктен, азап пен өлімнен қорғауды күшейту, жануарларға қатыгездік көрсетуді барлық бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ үй жануарларын қорғау саласындағы басқа да бірқатар талаптар қарастырылған", - делінген сенаттың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Отырыс аясында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын да талқылаған.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобаларын палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жануарларды қорғаушылар өздері бастамашылық еткен жануарларды қорғау туралы жаңа заңды қабылдау кезінде олардың пікірі ескерілмегенін айтқан болатын.

Олардың айтуынша, аталған заң Қазақстандағы үйсіз жануарларға ең маңыздыны – өмір сүру құқығын бермейді.

Сондай-ақ заңнамалық түзетулер баспанасыз жануарлардың талаптарын да көздейді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары