Жаңалықтар 15.12.2021 сағат 17:40

3 мың адамның қатысуымен Әнұранға ерекше бейнебаян түсірілді (ВИДЕО)

Жоба Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімін көтеріп, ел мен жерге сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қолға алынған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Qazaqstan ұлттық арнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ерекше сый жасады. Шығармашылық топ 3 мың адамның қатысуымен Мемлекеттік Әнұранға бейнебаян түсірді. 

Жоба Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімін көтеріп, ел мен жерге сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Композитор Сырым Набикуловтың айтуынша, Әнұранды үшке бөлу ұтымды шешім болған. 

"Бірінші бөлікте лирикаға көңіл бөлсек, кейін дәстүрлі, фольклорлық музыкаға ауыстық. Осы арқылы өз тарихымызға құрмет көрсеткіміз келді. Сосын әрине, ресми - марш бөлігі", - деді композитор.

Бейнебаянға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және ҚР Ұлттық Ұланының 180 сарбазы, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық  филармониясының 120 әртісі, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының 150 қызметкері және өңір жастары, студенттер, сала мамандары мен қарапайым ел тұрғындары қатысты.

Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, рухани астана-  Түркістан қалаларында жүргізіліп, негізгі көрініске елордадағы "Қазақ Елі" монументі, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, "Қазмедиа" орталығы" телерадиокешені, Алматыдағы Республика алаңы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, "Көктөбе" демалыс кешені, Түркістандағы "Керуен сарай" туристік кешені, Қожа Ахмет Ясауи қорық-мұражайы, Каспий теңізі мен Алматы облысының Шарын шатқалы, Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық  паркі және Маңғыстау облысының Ақеспе тауы алынды.

Әнұранды ел тұрғындарымен бірге опера және эстрада әншілері С.Байғожин, А. Жылтыркөзов. Ж.Шыбықбаев,  Н.Үсенбаева, Е.Вицинская, Т.Забирова, А.Балажанова, М.Салықов,  К.Төленбаева, О.Алтынбеков, Б.Қилымхан,  М.Анарбек,  Е.Нариманұлы орындады.

Сонымен бірге, бейнебаянға ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе АҚШ, Түркия, Ресей, Қытай елінде қызмет етіп және білім алып жүрген ел азаматтары мен осы елдердегі қандастар топтастырылды. 

Бейнебаян Корпорацияға  қарасты "Qazaqstan", "Abai tv", "Balapan", "Qazsport" телеарналары мен 14 аймақтық арна эфирінен 15 желтоқсаннан бастап күн сайын көрсетіледі.

Дереккөз: Stan.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар