15.12.2021, 18:00

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау жүргізіліп жатыр.

Грузияда Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

«Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ-мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.