$ 494.87  520.65  4.91

Тарихшы хан Кененің сүйегі қайда екенін айтты

Бәрін мұқият тексеріп, келешекте түсініспеушілік болмас үшін сараптамадан өту керек.

Белгілі тарихшы Радик Темірғалиев қазақтың соңғы ханы Кенесарының сүйегі Ресей аумағында деуге толық негіз бар деп есептейді. Бұл туралы ол Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Орда.кз порталы.

«Жеке менде нақты ақпарат жоқ, тек ашық көздерден бізге келіп жатқан ақпаратқа сүйене отырып, қазіргі жағдайды талдай аламын. Соңғы бір жылда орын алған бұл тақырыптың өзектілігі мен бұл мәселеге қатысты Елбасының үндеуін, Ресей Президентінің өзара уәдесін көрдік. Ештеңе де жәй емес. Бұл жайттар жайдан-жай бола бермейді. Шамасы, қалдықтар табылды, олжа бар» деді тарихшы.

Темірғалиевтің айтуынша, бұл күрделі мәселе болғандықтан, қалдықтардың қай жерде екені белгісіз.

«Бәрін мұқият тексеріп, келешекте түсініспеушілік болмас үшін сараптамадан өту керек. Жеке мен үшін бәрі түсінікті, бірақ қайталаймын, менде нақты деректер жоқ» деп жауап берді ол.

Радик Темірғалиев төрт кітаптың авторы: «Соңғы батырлар дәуірі», «Ақ-Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Қазақтар және Ресей», «Қазақтар: бабалар жолы» және Қазақстан тарихына арналған көптеген мақалалар жазған. Ол «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының басқарма мүшесі және көптеген сарапшылық клубтардың тұрақты мүшесі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Кенесары хан