Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 575 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 75, Алматы қаласында - 39, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 61, Ақтөбе облысында - 4, Алматы облысында - 19, Атырау облысында - 11, Шығыс Қазақстан облысында - 23, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 105, Қостанай облысында - 57, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 67, Солтүстік Қазақстан облысында - 80, Түркістан облысында - 5. Жалпы, пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырудың 981 435 дерегі тіркелді.