Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Qazaq Auyl кешенінің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Qazaq Auyl экологиялық кешен ұлттық нақышта Кім-Асар шатқалында салынып жатыр. Онда мейрамхана, 15 қонақүй және іс-шараларға арналған амфитеатр орналасатын болады. Жоба бойынша мейрамхананы media Park Hotel қонақүй-тұрғын үй кешенімен және визит-орталығымен қосу көзделген.
Визит-орталық үшін ақпараттық қызметтер көрсетілетін және туристік жабдықтар сатылатын жеке үй-жай қарастырылған. Qazaq Auyl жалпы алаңы – 1,3 га, үй-жайлардың алаңы – 850 шаршы метр. Инвестиция көлемі – 800 млн теңге. 2022 жылы 20 жұмыс орнын құрумен экокешенді пайдалануға беру жоспарланған.
Жоба экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып әзірленді. Бұл жалпы абаттандыруда, учаскенің жоспарлау құрылымында және кешен құрылымын құрайтын объектілердің композициялық шешімінде көрініс тапты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған кезде адамдарды күзету, эвакуациялау және құтқару үшін мамандандырылған автокөліктің қолжетімділігі көзделген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.