16.12.2021, 17:16

Алматыда Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері перформанс ұйымдастырды

Фото: ашық дереккөз
Бірнеше жас Қазақстанның заңға бағынатын азаматтарын бейнелейтін ақ киімдерін киіп, кейін қанға боялғанын көрсетті.

Алматыда Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері перформанс ұйымдастырды. Акция басталар Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының үш өкілі ұсталды.

Республика алаңы мен «Тәуелсіздік таңы» монументінің жанында митингтер өтті. Бұл жерге «Оян, Қазақстан» жастар қозғалысының белсенділері жиналды. Олар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Бірнеше жас Қазақстанның заңға бағынатын азаматтарын бейнелейтін ақ киімдерін киіп, кейін қанға боялғанын көрсетті.

– Жаңаөзен оқиғасының он жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының отыз бес жылдығында Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері перформанс ұйымдастырып, репрессия құрбандарын аза тұтты. Олар заңға бағынатын, бейбіт адамдарды бейнелейтін ақ түсті жұмыс киімін киіп, үстіне қан төкті. Осылайша олар 35 жыл бұрын алаңға шыққан жастардың төгілген қанын дәл қайталап көрсетті. Екі оқиғада да (Жаңаөзен мен Желтоқсан) отандастарымыз өз азаматтық құқығы мен сіз бен біздің азаттығымызды талап етіп, алаңға шыққан еді, – деді Оян, Қазақстан қозғалысының өкілдері.

Кім ұсталды

Оян, Қазақстан қозғалысының үш қатысушысы – Бейбарыс Толымбеков, Жанел Шаханова және Азиза Есмағанбетова ұсталды. Олардың жақтастары Медеу полиция бөліміне барып, ұсталғандардың жағдайын білмек болған.

Orda.kz тілшісіне «Медеу» БПК кезекші полицейі «Оян, Қазақстан» өкілдерінің ешқайсысы келмегенін айтты.

Белсенділер Толымбеков, Шаханова және Есмағамбетованың қазір қайда екенін айтпаса, жиналыс өткіземіз деді. Осыдан кейін ғана жастардың шынымен де ұсталып, Алматының ең шалғай ауданына – Алатау полиция бөліміне жеткізілгені белгілі болды.

Orda.kz тілшісінің хабарлауынша, Толымбеков, Шахаалнова және Есмағамбетова полиция бөлімінен шыққан. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі белсенділердің ұсталуына қатысты пікір білдірмеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Тегтер: митинг Алматы