16.12.2021, 16:20

ДДСҰ басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: ашық дереккөз
ДДСҰ басшысының құттықтау видеосын Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ДДСҰ басшысының құттықтау видеосын Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. 

"ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Адханомға қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғыс білдіреміз", - деп жазды министр.