Ұлттық статистика бюросы өкілдері елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Казахстан, Қазақстан және Казакстан есімді 35 адам бар, оның тоғызы Ақмола облысында, сегізі Қарағанды облысында, бесеуі Нұр-Сұлтанда, үшеуі Қостанай облысында және Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облыстарында екі адамнан тұрады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір адамнан.
Қазақстанда Егемен есімді алты адам бар. Олар Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір адамнан тұрады.
Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол Қарағанды облысының тұрғыны.
Елбасы есімді 65 адам бар екен, ал Қасым-Жомарт есімді екі адам бар.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.