16.12.2021, 23:37

Нұр-Сұлтанда үстіне тұрғын үй кешеніндегі металл конструкция құлаған әйел көз жұмды

Фото: stan.kz
Науқас 14 желтоқсан күні есін жимастан жан тапсырған.

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй төбесіндегі металл конструкциясының құлауынан зардап шеккен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлауынша, науқас 14 желтоқсан күні есін жимастан жан тапсырған. 

"Жансақтау бөліміндегі тиісті ем-шараға қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады",- деді басқармадан. 

1965 жылы туған науқас металл конструкциясы құлағаннан кейін аса ауыр жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасына түскен. 

"Әйелді жедел түрде тиісті мамандар қарады. Бұдан соң жағдайы нашар болған соң шұғыл реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Науқастан ашық бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ми жарақаты анықталды. Денесінде әртүрлі көгеру белгілері болды. Өкінішке орай, миына ота кезең-кезеңімен жүргізілді, алайда жасалынған опрерациялар оң динамика бермеді", - деп түсіндірді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қазанда Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын-үй кешенінде орналасқан сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкциясы құлаған болатын. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар таралған болатын.

Полиция қылмыстық кодекстің 306-бабы "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.