Жаңалықтар 17.12.2021 сағат 01:18

Қызылордада мыңнан аса киікті қырып салған қылмыстық топ ұсталды

Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген.
Қызылордада мыңнан аса киікті қырып салған қылмыстық топ ұсталды
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, 1074 киікті өлтірген браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан екі тұрғын ұсталды. 

Олар қылмысты схема ұйымдастарып, киік мүйіздерінің ірі партиясын сату әрекеті кезінде қолға түскен. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.

Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.

Ұсталған адамдар қамауға алынды.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің  339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар