Түрік лирасының АҚШ долларына шаққандағы бағамы Орталық банк отырысының қарсаңында тағы да тарихи минимумға дейін төмендеді. 16 желтоқсандағы сауда-саттық барысында доллар үшін 15,28 лира берілді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Сондай-ақ, лираға Түркия Үкіметіндегі кадрлық өзгерістер де әсер етіп отыр. 16 желтоқсанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұлттық валютаның құнсыздануы аясында қаржы және қазынашылық Министрінің екі орынбасарын қызметінен босатты.
Түркияда жылдық инфляция қараша айының қорытындысы бойынша 21,3 пайызға дейін жеделдеді. Сонымен бірге, Ердоған макроэкономикалық теорияға қарамастан, орталық банктен негізгі мөлшерлемені төмендетуді сұрап отыр. Негізгі мөлшерлеме қазір 15 пайызды құрайды.
Соңғы бес жыл ішінде ол Орталық банктің басшысын төрт рет ауыстырды. Орталық банктің қазіргі басшысы Чахап Кагиоглу 2021 жылдың наурыз айында қызметке кіріскен болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.