Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары - Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды", - делінген хабарламада.