18.12.2021, 12:38

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Сілеусіннің бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына енген.

Орталық Азияда ғана кездесетін Түркістан сілеусіні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің дирекоры Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Түркістан сілеусінін1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берген.

«Кәдуәлгі сілеусін тұқымдас «Түркістан сілеусіні негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің Қызыл кітабына енген», - деп жазды Олжас Беркінбаев.

Айта кетсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.