Нұр-Сұлтан мен 9 облыста тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Қазгидромет.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.
19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысында, орталығында секундына 15-20 метр болады.
19 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі.
19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады, 19 желтоқсанжа күндіз, 20 желтоқсанда түнде екпіні 23-28, кей уақыттарда секундына 30 метр және одан асатын жел күтіледі. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 желтоқсанда Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.
19 желтоқсанда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оңтүстікте, батыста, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз секундына 15-20 метр, таулы аудандарда екпіні секундына 23-28 метр, таулы асуларда секундына 30 метр және одан да асатын жел күтіледі.
19 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтанда 19 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын.
19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
18-22 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні секундына 25 метр болады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.