Жаңалықтар 19.12.2021 сағат 19:29

«Жыртыл қазақ!»: беташар табағына 55 млн теңге жиналды (ВИДЕО)

Оған келген жігіттердің әрқайсысы табаққа 500 мың теңгеден бастап, 1,5 миллионға дейін ақша салған.
«Жыртыл қазақ!»: беташар табағына 55 млн теңге жиналды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Беташар табағына миллиондап ақша салған жігіттердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл бейнежазбаны блогер Дәулет Төлеутайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Тойдың қай өңірде және қашан болғаны белгісіз. Ал жайдарманшы, «Байдың балалары» командасының ойыншысы Наурызбек Рсымовтың парақшасында желі қолданушылар бұл тойдың Түркістан облысында өткенін жазыпты. Оған келген жігіттердің әрқайсысы табаққа 500 мың теңгеден бастап, 1,5 миллионға дейін ақша салған. Әрине, бұл әрекет тойға жиылған көпшілікті қатты таңқалдарды.

Миллиондарды суша сапырған жастар асабаның да қалтасын қампайтып қоюды ұмытпады. Сол сәтте асаба олардан «Қайда жұмыс істейсіңдер?» деп сұрап еді, ешқайсысы жауап бермеді.

«Беташарға жиналған 55 миллион теңге. Жыртыл қазақ» деген Дәулет Төлеутайұлының айтуынша, беташардан жиналған қаражатқа Нұр-Сұлтан мен Алматыдан 3-4 бөлмелі бір пәтер сатып алуға болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар