19.12.2021, 20:08

20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, түнде елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын, найзағай ойнайды. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында..

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, облыстың таулы, тау бөктері аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде таубөктерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде 15-20 жел жаяу бұрқасынмен күшейеді, облыстың солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады, күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Тегтер: ауа райы