$ 443.85  474.3  4.8

Елорда да еліміздің бас шыршасының шамы жағылды

Шыршаның биіктігі – 25 метр.

Бүгін елордада еліміздің бас шыршасының шамы жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас шырша ЭКСПО көрмесінің аумағында орнатылды. Оның биіктігі – 25 метр.

Аталған рәсімді тамашалауға елорда тұрғындары мен қонақтары келді.

Жаңажылдық іс-шара танымал әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, былтыр елордада еліміздің бас шыршасының шамы 22 желтоқсанда жағылған еді.

Осы орайда ТурСтат ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингісін жасады.

Жаңажылдық шыршаның биіктігі бойынша алғашқы бестікке ТМД елдерінің астаналарынан Ашхабад (41 метр), Ташкент (36 метр), Минск (30 метр), Нұр-Сұлтан (25 метр) және Бішкек (25 метр) кірген. Ресей Мәскеудегі Кремль алаңына 25 метрлік тірі шырша орнатқан.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елорда #шырша