$ 494.87  520.65  4.91

Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандардың саны 208-ге жетті

Тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болып отыр.

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін жергілікті БАҚ тайфун салдарынан 75 адам қаза тапқанын, 50 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын.

Франс Пресс агенттігі тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болғанын хабарлады.

Тайфун 16 желтоқсанда Филиппинде көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. БАҚ барлық дерлік рейс, теңіз қатынасы тоқтатылғанын хабарлады. 300 мыңнан аса адам эвакуацияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары