19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне елордадағы түнгі клубтың біріне мина қойылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, хабарлама құқық қорғау саласының мамандарына сағат 18.36-да түскен. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға тез арада барды. Олар мекеменің барлық қызметкерін эвакуациялап, тексеру жүргізді. "Ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген полиция хабарламасында.
Осы орайда департамент жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.