Facebook желісінде белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева туған әкесінен зорлық көрген 8 жасар қыздың хатын жариялады. Бүлдіршін оқиғаның қалай болғанын баяндап, жаны мен тәні қиналғанын жеткізген.
Бүлдіршіннің жазуынша, әкесі арам пиғылын жүзеге асырған соң оның іш киімін жуған екен. Осылайша, жұғып қалған қан іздерінен арылмақ болған. Ал, қыз бала "қатты ауырса" да шыдап жүруге мәжбүр болыпты.
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, бұл істі құзырлы органдар өз бақылауына алған. Қазір істі Алматы қалалық Полиция департаменті тергеп жатыр. Әйтсе де, қыздың әкесі ауыр қылмыс жасаса да әлі күнге дейін бостандықта жүр екен.
Дереккөз: saryarqanews.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.