$ 498.34  519.72  4.85

«Балабақшадағы балалар үшін желтоқсан оқиғасы ауыр тақырып» - Мұрат Әбенов

Оның ойынша, жастарға бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдікті насихаттау керек.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бұған дейін балабақша тәрбиеленушілерінің Желтоқсан оқиғасына орай әзірлеген қойылымы әлеуметтік желіде кең таралған еді. Аталған видеоға байланысты бұрынғы депутат әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп жазады turkystan.kz.

– Мынау енді артық сияқты… Бұл кезеңде балалардың психологиялық педагогикалық жас ерекшелігі – саяси мағынасын ұқпайды. Кім не үшін жазаланғанын емес, қайсысы жақсы – жаман екенін түсінбейді. Сонда қандай тәрбиелік мәні бар? Тек ата ана және әкімшілік үшін керек бұндай шаралар.

– Кеңес үкіметінің милитаризм идеологисы және казіргі  Рессейде агрессиялық ұстанымы бұндай қойылымды жиі пайдаланады. Маңайдын барлығын жау көрсетіп, жас кезінен соғысқа дайындау, кім күшті билік сонда екенін дәлелдеу, – дейді ол.

Оның ойынша, жастарға бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдікті насихаттау керек.

– Ал біз жас ұрпаққа сәби кезінен бейбітшілік өмірді көрсетіп, әділдік пен заңдылықты құрметтеуді, ақыл оймен, өнермен, таланттармен басекелестікті насихаттағанымыз дұрыс. Сіздер қалай ойлайсыздар, – деп жазды ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары