21.12.2021, 09:40

Еуроодақта коронавирусқа қарсы бесінші вакцина мақұлданды

Фото: inform.kz
Бұл ақуыз негізіндегі бірінші вакцина.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) Еуропалық Одақта америкалық Novavax фармацевтикалық концерні шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nuvaxovid деп аталатын вакцина 18 жастан асқан ересектерге ұсынылады» дейді агенттік.

Осы вакцинаның сынақтарынан алынған деректерді мұқият бақылаудан кейін сарапшылар препарат сенімді және тиімділік, қауіпсіздік және сапа бойынша қажетті талаптарға сәйкес келеді деген қорытындыға келді. 

Бұл Еуропалық одақта коронавирусқа қарсы қолданылатын бесінші вакцина және ақуыз негізіндегі бірінші вакцина болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.