Соңғы бес жылда утильдік алымнан 614 млрд 488 млн теңге түскен. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2016 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде өндіруші-импорттаушылардан кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражаттың көлемі 614 млрд 488 млн теңге болды. 2021 жылға келсек, 172 млрд теңге жиналды», - деген ведомство басшысы ол ақшаның қалай жұмсалғанына тоқталды.
«Отандық автоөндірушілерге Қазақстан Республикасы аумағындағы өндірісті, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасын ынталандыруға соңғы бес жылда 295 млрд 586 млн теңге бағытталды. Қалған қаржы ҚР-да өндірілген көлік құралын немесе ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге ұсынылған жеңілдіктерді қаржыландыруға20 млрд 187 млн теңге бөлінді. Бұл ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсыру кезінде отандық автокөлік сатып алу сертификаты ретінде беріледі. Автокомпоненттерді утильге өткізу төлеміне - 3 млрд 384 млн теңге, қаптама қалдықтарын утильге өткізу төлеміне - 7 млрд 266 млн теңге, электр қалдықтарын утильге өткізу төлеміне - 500 млн теңге, істен шыққан көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын утильге өткізу төлеміне - 29 млрд 183 млн теңге бөлінді», - деді Серікқали Брекешев.