21.12.2021, 18:20

Елімізде ПТР-тест арзандады

Фото: ашық дереккөзі
COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.

Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.

"2021 жылғы 6 желтоқсанда "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6 400-ден 4 900-ге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.

Баға 6 мың теңгеге дейін төмендегені Алматыда ("Иннова" зертханасы) байқалады, ал Атырау облысында (Interteach, "Вестерн", "Достар Мед Престиж") 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін екені айтылды.

"Түркістан облысы бойынша ведомство департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасының монополияға қарсы комплаенсі аясында медициналық мекемеде бағалар 7 000-нан 4 900-ге теңгеге дейін төмендетілді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан бойынша бөлімшелер бар ірі желілік зертханаларда COVID-19-ға ПТР-тест бағасы өзгеріссіз қалады, оларда орташа есеппен баға 7400 теңге болады.

Тегтер: коронавирус