23.12.2021, 10:00

Семейде жаңа көпір салынбақ

Семей қаласында 2025 жылға дейін көлік қатынайтын көпір бой көтереді.

Семей қаласында 2025 жылға дейін көлік қатынайтын көпір бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Ақпарат орталығындағы баспасөз конференциясына қатысқан шаһар әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

«2025 жылға дейінгі инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Семейде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі – көлік қатынайтын жаңа көпір салу. Бұл мақсатқа 33,2 млрд теңге жұмсалмақ», - деді ол.

Қазіргі уақытта жаңа мешіт маңында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынған. Өткелдің ұзындығы - 48 метр, ені - 2,5 метр, биіктігі - 5,3 метр.

«Бұл өткел халықтың сұранысы бойынша салынды. Осылайша, тұрғындарға мешітке жету ыңғайлы бола түсті. Жерүсті өткелі мешіттің сәулетіне сәйкестендіріліп жасалған», - деді Бақытжан Байахметов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.