Қазақстандық қос атлет каратеден Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды.
Olympic.kz мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасынан Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов топ жарды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай үздік атанды. Ол финалда филиппиндік Джун Цукті ұтты. Ерлер арасынла 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Андрей Актауов финалда арабиялық Барги Ясирдан басым түсті.
Командалық жарыста Қазақстан әйелдер командасы қола жүлдегер атанды. Қазақстан намысын Софья Берульцева, Сабина Захарова және Мөлдір Жаңбырбай қорғаған болатын. Кіші финалда қазақстандықтар Иран құрамасын жеңді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.