$ 494.87  520.65  4.91

800 бас: Қарағанды ​​облысында мал жұқпалы аурудан қырылып жатыр

Ауданда екі жыл қатарынан малға ешқандай екпе салынбағаны белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды ​​облысында мал жұқпалы аурудан қырылып жатыр. Шет ауданындағы шаруа қожалықтарында бір айдан бері 800-ге жуық сиыр ауруға шалдыққан.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, ірі қараның қызуы көтеріліп, тыныс алу жолы мен көзі зақымданып жатыр. Ауданда екі жыл қатарынан малға ешқандай екпе салынбағаны да белгілі болды.

«Екі жылдан бері сиырларға вакцина жасалмады. Мал ауырып қалғанда дәрігерлерді шақырдық. Содан кейін ғана вакцина салды. Қалған дәрілерді өзіміз сатып алдық. Бірақ ветеринарлардың неге екпе салмайтыны түсініксіз. Үкімет бұған қаржы бөлуі керек. Сиырлар ауырып қалмас үшін уақтылы екпе салуын сұраймыз. Ауылда мал шаруашылығымен айналысатындар көп. Бұл біздің жалғыз табыс көзіміз» дейді Шет ауданы Ақжал ауылының тұрғыны Сәуле.

Ауруды емдеуге болады, бірақ ол өте ұзақ уақыт пен үлкен шығынды қажет етеді. Қазірдің өзінде 6 сиыр өліп қалды. Инфекция бірден алты ауылды қамтыды, деп хабарлады облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясы.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, сиырлар жұқпалы ринотрахеитпен және вирустық диареямен ауырады. Шет өңірінде бұл жұқпалы аурулар көптен бері байқалмағандықтан, екпе егу көрсеткіштері де болмаған. Бірақ ауру басталғаннан кейін 1300 басқа вакцина егілген. Тұрмыстық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Дер кезінде шара қолданбаса, ауру облыстың басқа аудандарына да жетуі мүмкін.

«Адамға бұл ауру жұқпайды, негізінен ірі қара мал ауырады, қалған ұсақ малдарға жұқпайды. Бұл жұқпалы ауру, дерт қайдан шықты десек, Ақжал ауылының өзі жолдың бойында. Бұған жол бойына басқа малдың тасымалдануы әсер еткен болуы мүмкін. Немесе карантиннен өтпеген ауылға тіркелмеген сиырлар әкелінді» деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау комитетінің облыстық инспекциясы басшының міндетін атқарушы Данияр Мерғазин.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары