$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаратын болды

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылданды. Енді бұл қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін» делінген Үкімет қаулысында.

Енді бұл қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары