Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін штат санын қысқарту жөніндегі жұмысты жүргізсін» делінген Үкімет қаулысында.
Енді бұл қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.