Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады. Кадрда жұмысшы кранға ілініп тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл сурет желі қолданушыларын күлдірді, олар жазбаға түрлі пікір қалдырған: "Spider man өзгерген", "Технология көмегі", "Мереке үшін не істейсің?".
Атырау қаласы әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеген.
"Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады", - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.