$ 439.43  473.31  4.82

Еңбек демалысына шыққан Бекшиннің қызметін кім атқаратыны белгілі болды

Бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болған еді.

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққанда оның қызметі Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болған еді.

Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бекшин