Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққанда оның қызметі Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болған еді.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/