$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында әкімдік жеті баласы бар ананы сотқа бермек

Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз7
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Павлодар облысында әкімдік жеті баланың анасын сотқа бермекші.

Шенеуніктер көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды деп айыптап, 670 мың теңге жәрдемақыны кері қайтаруды талап етуде, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық әйел қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз.  

Үш жыл бұрын әр баласына мемлекеттен 21 мың теңге алғанын мойындайды. Әкімдік мүгедек баласына алатын қаражатты жасырдың деп жазғырған. 

Әкімдік оны сотқа бермекші. Өйткені атаулы әлеуметтік көмек аларда табысын жасырған деп айыптап отыр.

Ал көпбалалы ана болса кірісін жасырмағанын айтады.

"Неге бізді аямайды. Мүгедектерге неге қамқорлық жасамайды. Менің кінәм не сонда? Осылай зар жылап отырған адамды білмеді, көрмеді, өтірік айтады дейді. Мен қалай өтірік айтам мына түріммен отырып. Мына мүгедек қыздан сенің отбасыңа табыс кіріп отыр дейді. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын", - дейді Сайрагүл Молдабайқызы.

Айтуынша отбасының жалғыз кірісі, ол мүгедек баласы мен күйеуіне берілетін болмашы жәрдемақы ғана. Мойындарына қарыз қылып қойған 670 мың теңгені төлеуге шамасы жоқ.

Осыдан екі жыл бұрында бұл мәселені көтерген болатынбыз. Ол кезде әкімдік өкілдері қарызды демеушілер көмегімен жауып береміз деп те уәде берген еді. Алайда, уәделерінде тұрмаған.

"Бұл кісі айтқан жоқ жұмыс істедім деп. Бала күтімімен жүрдім деді. Түсініп отырмыз. Оңай емес. Сондықтан мен де сізге айтып отырмын. Демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Әлі де көрсетеміз", - дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.

Ал заңгер Камиша Есмұхамедқызы әкімдіктің әрекеті заңсыз деп бағалайды. Өйткені шенділер өздері жіберген қателіктің салдарынан ортайған қазына қаржысын толтыруды ғана ойлап отыр.

"Өзінің қаражаты жетіп тұрса, мемлекеттен қол жаймайды және сұрамайды. Заңсыз алды деп танылғаны не сот шешімі жоқ. Не оны қандай да бір қағаз жүзінде тергеу амалдары заңсыз пайдаға кенелгенін дәлелденген жоқ. Сондықтан көпбалалы анаға 3 жылдан кейін қойып отырған талап арыз негізсіз", -дейді ол.

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, бұл проблеманы оңтайлы шешеміз уәде берді. Бірақ оны қашан орындайтындарын ашып айтпады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары