$ 444.22  476.38  4.82

Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады

Аймақ полициясының мәліметінше, жол апаты Алматы - Қорғас автожолының 134-шақырымында сағат шамамен 10.00-де болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы - Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады. Желіде ірі жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аймақ полициясының мәліметінше, жол апаты Алматы - Қорғас автожолының 134-шақырымында сағат шамамен 10.00-де болған.

"Қалың тұманның салдарынан 17 автокөлік жол апатына ұшырады. Бес адам зардап шекті, олар Шелек ауылының аймақтық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. 84-тен 136-шақырымға дейінгі автожол учаскесі жабылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

"Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды сұраймыз! Жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтаңыз!" - деді полиция өкілдері қазақстандықтарға. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 25 желтоқсанында сағат 12.00-ден бастап тұман мен нөлдік көрінуге байланысты республикалық маңызы бар Алматы - Қорғас жолында (24-140-шақырым, Арман кенті - Шелек ауылы) барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары