Жаңалықтар 25.12.2021 сағат 23:44

Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті – видео

Ойын соншалықты қызу болғандықтан, алаңда мұз еріді деуге болады. Спортшылар судан шығарылғанша төреші ойынды тоқтатты.
Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті – видео
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екі хоккейші – германиялық "Лангенталдың" қорғаушысы Тайлер Хиггинс пен швейцариялық "Сиерренің" шабуылшысы Арно Монтандон ойын қызған шақта мұз астына түсіп кетті. Оқиға Швейцария хоккей лигасының ойыны кезінде болды, деп хабарлайды Le Matin.

Басылымның хабарлауынша, 14-минутта шайба "шайқас" кезінде Тайлер Хиггинс пен Арно Монтандон мұзды тазалағаннан кейін суды төгетін шұңқыр түсіп кетті. Хоккейшілер оған жақындаған кезде тосқауыл есіктері ашылып, спортшылар мұз астына түсіп кетті. Оларды төрешілер мен өзге ойыншылар шығарып алды.

Есіктің қаншалықты дұрыс жабылғаны тергеуден кейін анықталады.

Бұл оқиғадан кейін матч жалғасып, 3:2 есебімен "Лангенталь" пайдасына аяқталды.


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар